Жириновский: Оларды талқандап, барлығын тізерлетіп, басып алар едік!

6635
Adyrna.kz Telegram

Ресей саясаткері Владимир Жириновский Сталиннің соғыс кезінде жіберген қателігін атады. Бұл туралы ол  "Говорит Москва" радиосында айтқан сұхбатында жеткізген. Оның ойынша Сталиннің Батыс тарапына жүгініп, екінші фронтты ашуын сұрауы үлкен қателік болған. 

"Бұл Сталиннің қателігі ғой. Неге ол екінші фронт ашуды сұрады? Ұшақтар, танктер, тамақ және көліктер сұра. Неге сен оларды екінші фронт ашуға асықтырдың. Британдықтар өз аралдарыңда, американдықтар мұхиттың арғы шетінде отыра берсін.  Біз Германияны тас-талқан етіп, Ла-Маншқа дейін жетіп, барлығын басып алар едік. Барлығын тізерлетер едік" , – деді ол.

Ол сондай-ақ  Сталинді "сауатсыз басшы" деп атады. Бұған дейін ол Германияны 1917 жылы Ресейде революция болмағанда толық жойып жіберер едік деген еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер