Ashyq істен шықты: вице-министр кешірім сұрады

3852
Adyrna.kz Telegram

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Әсет Тұрысов Ashyq жұмысының уақытша істен шыққаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Ashyq-та болған соңғы күндердегі ақаулар, техникалық проблемаларға қатысты. Мен азаматтарға қолайсыздық туындағаны үшін және техникалық мсәелелер үшін кешірім сұрағым келеді. Жоғарыда айтқанымдай, мемлекет Ashyq жүйесін қабылдады. Соңғы күндері "Ұлттық ақпараттық технологиялар" операторына толық қолдау мен бейімделуге көшу орын алды. Енді біздің ұлттық оператор техникалық мәселелерді қадағалайтын болады. Жоғары санаттағы барлық мамандар қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын », деді Әсет Тұрысов желідегі ОКҚ брифингінде.

20 мамырдан бастап Ashyq қосымшасы азаматтардың статусын анықтауда техникалық мәселелерге тап болды. Ажырату кезінде пайдаланушыларға мекемеге барудың балама тәсілі  ретінде - Aitu қосымшасы жедел түрде ұсынылды. 22 мамырда тағы да қосымша мәртебені шығарумен байланысты проблемаларға тап болды.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығардын. Онда Ashyq жобасын іске асыру Қазақстанның барлық аймақтарына кеңейтілетін болады делінген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер