Лукашенко жанып тұрған жас технократқа өте ауыр қылмыс жасап отыр

3552
Adyrna.kz Telegram

Бүгін "NEXTA" каналының негізін қалаған, бас редактор 25-жастағы Роман Протасевичті Афинадан Вильнюсқа ұшып бара жатқан жерінен ұшақта бомба бар деген желеумен Беларусь күштік құрылымдары Минскіге қонуға мәжбүрлеген. Ұшақты қондыру үшін тiпті әскери- жойғыш ұшақтар әуеге көтерілген екен.

"NEXTA" Беларусьтегі бейбіт түрдегі қарсылық акцияларын ұйымдастырушы ең басты демократиялық медиа-ресурс екені белгілі. Роман Протасевич ұшақ қонған бойда тұтқындалған. Өте қауіпті "террористі" ұстау үшін Батьканың өзі арнайы бұл операцияға тікелей бұйрық беріпті.
Бұл оқиға АҚШ-тың "Pan American" авиакомпаниясының 1986 жылғы 5-ші қыркүйекте Boeing -747 ұшағының Бомбейден (Үндістан) - Нью-Йоркке ( АҚШ) жолаушылар рейсін орындап, жанармай құю үшін Карачиге тоқтаған кезде "Абу-Нидал" террористік ұйымының бір топ содырлары ұшақты жолаушылармен бірге басып алған эпизодқа өте қатты ұқсайды. Ұшақты меншіктеген антисемиттік көзқарастағы террористердің басты мақсаты Израильге аталмыш лайнерді бағыттап, 2001-жылы, 11-ші қыркүйектегі әлемді дүр сілкіндірген Нью-Йорктегі террорлық акт сияқты, яғни еврей елінің кез келген қалаларына ұшақты құлату болатын. Алайда әуе кемесінің экипажы ұшақтан тез шығып, террористер әуежайдан ұшып шығу мүмкіндігінен лезде айырылған еді.
Меніңше, енді көп кешікпей Лукашенко билігі Роман Протасевичті мәжбүрлеп әдейі сөйлетуі мүмкін. Мысалы Қазақстандағы Тоқтар Төлешов сияқты елдің бірлігі мен ынтымағын саналы түрде бұзғым келді немесе Беларусте мемлекеттік төңкеріс жасауға батыс пен АҚШ-тың арнаулы органдарынан арнайы тапсырма алды дегендей еріксіз "қылмысын" әшкерелеу, яғни халықтан яки Лукашенкодан жас блогер Романның сол "экстремистік әрекеті" үшін "жүрекжарды мойындауы мен кешірім сұрауы сияқты "каминг-аут" болса да, бұған біз еш таңғалмаймыз. Себебі импершіл Путин мен оның посткеңестік жүйедегі құлақкесті құлдарының авторитарлық биліктен айырылмауы себепті, барлық кез келген агрессиялық іс-әрекетке баратынын өте жақсы білеміз.

Қалай болса да жалындаған Роман Протасевичке қазақ қоғамындағы демократиялық-азаматтық күштердің атынан тезірек диктатор Лукашенконың қанды шеңгелінен құтылуды және халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен өркениетті Европа-АҚШ басшылығынан шұғыл түрде бұл террористік әрекетке байланысты саяси шешім қабылдауларыңызды сұраймыз!

"Демос"ҚБ төрағасы
Құсайынов Тұрарбек

Пікірлер