Өркениетті елдердің қымбат көліктерін алсақ та, Ресейдің көліктеріне жоламайықшы!

3348
Утилизациялық алым жойылсын!
"Оператор РОП" ЖШС деген кімдер?
(қазақша "Оператор ӨКМ"-өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері)
"Оператор РОП" ЖШС 2015 жылы 30 желтоқсанда ҚР өкіметінің қаулысымен құрылған. "Оператор РОП" ЖШС-і бағыныштылығы бойынша Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жауап береді.
Ия, тетіктері солай жасалған технология. Бізде өкіметтің қолдауымен осындай көп ЖШС-лер ашылып, жұмыс істеп жатыр. Ауылшаруашылығы саласында да осындай серіктестер құрылып, жерлерді иемденіп отырғандары да бар. Ал, ЖШС шын мәнінде заңды тұғалар, яғни серіктестіктер мен компанияларға жатады. Олардың жеке есеп шоттары да болады. Жеке серіктес индивидтердің басқаруында әрі құрылтайшылары болады. Бұл нені білдіреді? Бұл жеке компания, мемлекеттен, мемлекеттің бюджетінен тыс жеке мүдделері бар серіктестер дегенді білдіреді.
Ал, енді өзіміздің тақырыбымызға оралайық.
Біздің елдегі утилизациялық алымды іске асыратын, ескі, тозған көліктерді утилизацияға жіберетін "Оператор РОП" ЖШС жұмыс істеп жатыр. Шетелден көлік импорттаушылардың, жеке тасымалдаушы тұлғалардың барлығы осы "Оператор РОП" ЖШС-ге утилизациялық алымдарын тапсырады. Енді осы "Оператор РОП" ЖШС үкіметтің қолдауымен құрылса да, сіздің утилизациялық алымға тапсырған миллион миллион қаражатыңыз мемлекеттің бюджетіне түспейді. Осы компанияның жеке шотына түседі. Ал, өркениетті Жапония сияқты елдерді утилизациялық алым мемлекеттің ұлттық бюджетіне түседі.
Енді көз жүгіртіңіз!
Утилизациялық алымның мөлшерін "Оператор РОП" ЖШС өзі белгілемейді. Бұл алымның базалық мөлшерлі алымы мен алым коэффициентіне де "Оператор РОП" ЖШС-нің қатысы жоқ. Бірақ утилизаиялық алымның барлығын осы компания ұстайды. Қызық!
Өндірісті іске асыруда "Оператор РОП" ЖШС барлығын атқарғанымен, утилизациялық өндірістің іске асу тетіктерін, алым мөлшерін, залазсыздандыру, тасымалдауды реттеу тетіктерінің барлығы ҚР энергетика министрлігі №762 бұйрығымен бекітілген. Яғни, "Оператор РОП" ЖШС-нің жарғысы арқылы жұмыс жасалмайды деген сөз. Бұл жерде "Оператор РОП" ЖШС бәрінен тап таза болып шыға келеді.
Ал, "Оператор РОП" ЖШС утилизациялық алымға алынатын барлық қаражатты жанармай құю бекеттерін салуға, экологиялық таза көліктерді жасап шығаруға жұмсаймыз деп отыр. Қазір 5 жыл өтті. Осыншама қаражаттан бізде қандай экологиялық таза көліктер шығарылды? Сұрақ көп. Жауап жоқ.
Қазақтар! Ізденіңдерші! Сәл көздеріңді ашыңдаршы! Өз жолымен бармасаңдар, ештеңе де шешілмейді.
Тым болмаса, қымбат бағаға алсақ та Жапония, Кореяның, Германия, АҚШ-тың көліктерін мінсек те, Ресейдің металлонға жарамай қалған көліктерінен құтылайықшы!
"Адырна" ұлттық порталы 
Бекболат ҚАРЖАН
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар