Мәсімов жазған кітап екен деп немқұрайлы қарамау керек...

4272
Adyrna.kz Telegram
Қисыны жоқ қисынды дүние!
Кәрім Мәсімовтың Ұлы Ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы жайындағы жазған "Ұстаз Тағдыры" деген кітабы осыдан 10 жыл бұрын жазылған деп жатыр.
Мәсімов неге Ұлы Ұстаз жайында кітап жазып қалды дегеннен бұрын, Мәсімовтың кітабында НКВД жайындағы деректер мен Алаш қайраткерлерінің өмірінің өзгеше парақтары да ашылуы мүмкін. Маңызды тұсы да осы болып тұр.
Мәсімов ҰҚК басқарып отыр, оның архивтерінде тарихшыларға да беймәлім деректер шығуы мүмкін. Мәсімов осы кітапты жазып шыққан болса, онда НКВД деректері болмауы мүмкін емес. Бұл кітаптың саяси да, тарихи да астары болады. Оған күмәнім жоқ. Себебі, Мәсімов көркем әдебиет саласының адамы емес, саясаттың адамы.
Бір қызығы, осы кітаптың жазылғанын ешбір тарих ғалымдары білмейді екен. Осы жағында да бір гәп бар. Гәп болғанда өте терең гәп бар бұл жерде. Сондықтан бұл кітапты тезірек қолға түсіріп, қарап шығу керек болып тұр.
Кітаптың жазылуының қазіргі елдегі саясатқа да қатысы бар. Әйтпесе, Мәсімовке Ұлы Ұстаздың шырғалаң өмір жолдары не үшін керек болып қалды екен деген ой санадан сығалап тұрады. Сондықтан да бұл кітапты оқу керек.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер