Электромобильдерге салынатын баж салығын 15 пайызға арттырмақ

1364
"Оператор РОП" ЖШС батыстан келетін электромобильдерге ешқандай да утилизациялық алым алынбайды деп мәлімдеген болатын. Өздерінің ресми хабарлауындағы жазбасында "Электромобильдерге утилизациялық алым алынбайды" деп жазғанымен, 416700 теңге, яғни 150 АЕК көлемінде алым ұсталатыны айтылған.
Енді Еуразиялық одақтың құрамындағы елдеріне келетін батыстың ең соңғы моделдегі электромобиль иномаркаларына да 2022 жылдан бастап 15 пайыздық баж салығын енгізбекші. Электромбоильдерді ең соңғы экологиялық таза көліктерге жатқызып отыр әлемнің өркениетті технологиялық елдері.
Ал біздегі ЕЭС-тің елдері кез келген тауарға төтесінен баж салығын енгізіп жіберетін қандай құдіреті бар екенін мен түсіне алмадым. ЕЭС шын мәнінде мешеу елдердің басын біріктіріп отырған әлемдегі ең беделсіз, жемқорлыққа шаш-етектен батқан одақ.
Бұлардың бұл теріс әрі жемқорлыққа негізделіп жасалған жоспарларына батыстың, Еуропаның бизнес қауымдастықтары қабақтарын түйіп қарап отыр. Олар Ресейден өздерінің филиалдарын да алып кетеміз деп шешім шығаруда.
Ал, баж салығын арттырудың астарында бізге қарата тағы да "Сендерге орыстың қаңсыған қаңылтырлары да жеткілікті" деген сөз жатыр. Путин бұларды шынжырлап ұстап отыр.
Бұл өз кезегінде біздің елдің алпауыт жемқорларына да өте жақсы болды.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер
Редакция таңдауы