Илон Маск: Қазақстанда Tesla ресми түрде пайда болады

2934
Adyrna.kz Telegram

Tesla электромобиль компаниясының басшысы Илон Маск Ресей Федерациясында, Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде Tesla-ның жақын арада ресми пайда болатыны туралы хабарлады. 

"Менің ойымша, біз жақын арада Ресейде боламыз, ал Tesla жақын арада Ресейде пайда болады. Менің ойымша, бұл таңқаларлық керемет жаңалық болмақ. Біз сонымен қатар Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңірек қарап, ресми өкілдіктерімізді ашуға кеңірек қарауымыз керек", - деді Маск.

"Жаңа білім" атты марафонда Tesla басшысы сонымен қатар Ресейді электромобильдер шығаратын зауыттың орналасуы ретінде қарастырып жатқанын айтты.
"Біздің Шанхайда фабрикамыз бар ... Біз әлемнің басқа бөліктерінде де фабрикаларымыздың болғанын қалаймыз, мүмкін Ресей туралы ойланаып көреміз" деді Маск.

«Жаңа білім» марафоны бейсенбіде Мәскеуден басталды және сонымен қатар Санкт-Петербург, Сочи, Қазан, Нижний Новгород, Владивосток, Калининград және Новосибирск қалаларында өтеді. Форум бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды: білім, тарих және мәдениет, спорт, ақпараттық технологиялар, өндіріс, ғылым және технологиялар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафон барысында 150-ге жуық спикер сөз сөйлейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер