Төтенше жағдай: Каспий жағалауы өртеніп жатыр

2641
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 мамырда қамыс өртін cөндіру үшін Атыраудағы өрт сөндіру бөлімдерінен 13 қызметкер мен АЦ-6-40, Трэкол, Шерп, АСА-20 маркалы арнайы техникалар жұмылдырылған.

«Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау жүргізу кезінде шамамен 10,6 гектар аумақта 6 өрт ошағы анықталды. Тікұшақтағы «ВСУ-5» құрылғысымен әуеден су шашылып, жіберу арқылы 4 өрт ошағы сөндірілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Департаментте өртті сөндіруге байланысты іс-қимылды үйлестіру үшін жедел штаб құрылған. Жағалаудағы қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өртенгенін хабарлаған болатынбыз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер