Жапонияның компаниялары халқы десе өліп талады

2213

ЖАПОННЫҢ ТАҒЫ БІР КЕРЕМЕТІ
Жапондар 2014 жылы, Токиядан не бәрі бір сағаттай жердегі Фудзисава қаласында "БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ" атты үлкен һәм амбициозды жобаны іске қосқан тұғын.

Бұл сұмдық жобаның желісі бойынша салынған қала – қазіргі қалалардан анағұрлым өзгеше һәм энергетикалық, экологиялық тұрғысынан да өте-мөте тиімді екенін әлем ғалымдары мен көптеген мемлекет басшылары мойындап, жобаны ұсынып һәм іске қосып жатқан Panasonic, Technics, National брендтерінің иесі саналатын Matsushita Electric компаниясымен қыруар қаржыға келісім шарттар жасалып жатқан көрінеді. Дәл қазіргі уақытта дамыған мемлекеттердің көбінде осы компанияның жетелеуімен болашақ талабына сай ондаған қалалар салынып жатыр.

Қызығы сол, болашақта әлемді өзгертуге сеп болар бұл жоба — Panasonic фабрикасын жаңа мекенге ауыстыру деген басқа симайтын, естісең құлақ сенбейті күлкілі себептен туған екен. Өйткені, бұл фабриканы ауыстыратын болсақ, сол фабриканың энергетикалық, экологиялық және жұмыс күші және жұмысшылардың өмірін максималды жағымды ету деген сұраныстарына толығымен жауап беретін елді- мекенге ауыстырайық нақ ! - деген ұсынысқа лайық жер таппағасын амалсыз - Әкесс, сол қаланы қолдан жасай салайықшы, кеттік бәрін таста!- деген шешімге келіп, не бары екі жылдың ішінде Tokyo Gas, Mitsui & Co компаниялары арқылы осы ғаламат жобаны іске асырған көрінеді.

Бұл кішігірім қалашықтардың басты ерекшеліктері Panasonic компаниясының PanaHome бөліміндегі мамандар құрастырып шыққан Заманауй үйлер. АЫЛДЫ БАСПАНА. Яғни әр үй өзіне керек электр энергияны толығымен өзі қамтамасыз етеді. Әр үйдің жанында Электрокөлікті қуаттандыратын құрылғылар бар. Адам өміріне қажетті ыстық су, жылу тб дүниелердің бәрі күн энергиясымен қуаттандырылып, толығымен автоматтандырылған.

Қысқасы осы уақытқа дейін мына жобаның аясында 2 ден астам микрорайондар жасалып үлгерген екен.
Японияда халықтың жағдайын Үкімет қана емес жұмыс беруші компанияларда қатты ойлайды қысқасы. Ал бізде не? Бізде неге бәрі керісінше?
Ертең қызыға да қызғана отырып Жапонияның әлемді таң қалдырып отырған тағы бір жетістігін жазамын.

 

Бурахан ДАХАНОВ,

тәуелсіз блоггер

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар