104 адам вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырды

1518

104 адам вакцинаның екі компонентін толық алғаннан кейін де коронавируспен ауырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Біз вакцинациядан кейінгі ауруды бірінші компоненттен кейін де, екінші компоненттен кейін де бақылауға міндеттіміз. Бүгінгі күні жалпы республика бойынша бірінші компоненттен кейін ауру жұқтырған 541 жағдай тіркелді. Екінші компоненттен кейін - 104 жағдай", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Ол неліктен кейбіреулерде коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің қарсы тұра алмайтынын түсіндірді.

"Бүгінгі күні Sputnik V тиімділігі 92% құрайды. Бұл дегеніміз, 8% -да иммундық жауап болмауы мүмкін. Ал егер біздің азаматтар бірінші және екінші компоненттермен алған екпелер санын есептейтін болсақ, онда, негізінен, бірінші компоненттен кейінгі үлес салмағы тек 0,02%, ал екінші компоненттен кейін - 0,03% құрайды. Бұл сандар вакцинаның тиімді екенін дәлелдейді, бірақ ешкім ешқашан вакцина аурудан 100% қорғайды деп айтқан емес", - деп түсіндірді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері вакцинацияға адамдар коронавирусты жұқтырған кезде келгендігін көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар