Қазіргі заман бізден күн сайын өзгеріп отыратын жаңа тенденцияларды талап етеді. Қазір мемлекет дамуына мүмкіндік беретін басты шарт - құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құру. Себебі ол құқықтар мен бостандықтарды сақтаудың кепілі ғана емес, елдің инвестициялық тұрғыда жетілуінің негізгі өлшемі болып табылады. Алайда, бұл процесті халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырмай жүзеге асыру мүмкін емес.
Халықтың құқықтық білімін арттыру - азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды қадамы. Бірақ бұл мәселе біздің мемлекет үшін неге өзекті? Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады және қоғамда да құқықтық сананы қалыптастырады. Азаматтар мемлекеттік органдар, заңды немесе жеке тұлғалар өздеріне заңдарда көрсетілген толық жағдайларда ғана әрекет ете алатынын түсінуге тиіс.
Құқықтық мәдениет - бұл құрылымы көп қырлы және күрделі құбылыс. Құқықтар мен заңдарды біліп, оларды нақты өмір жағдайында қолданбасақ, заң мен құқық өз маңызын толықтай жояды. Ал оны іске асыру үшін халықтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру және арттыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс қажет. Бұл күрделі және ұзақ процесс екенін нақты түсіну керек. Қазақстанда құқықтық өрістің қалыптасуының терең тарихи тамыры бар. Тәуке ханның "Жеті жарғысы", “Есім ханның ескі жолы” мен “Қасым ханның қасқа жолы” заң жинақтары соның жарқын мысалы болып табылады. Тіпті сол бір зұлмат заманда да біздің ата-бабаларымыз қазақ қоғамының келеңсіздіктерін реттеген Азаматтық құқық нормаларының рөлі мен маңыздылығын жақсы түсінді.
Құқықтық мәдениеттегі арнайы деңгей құқық, құқықтану, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесі сияқты құбылыстармен қарастырылады. Құқықтық мәдениеттің бірнеше элементтері бар:
- - жеке тұлғаның құқықтық санасы;
- - -қоғамдағы құқықтық қатынастар;
- -заңдылық пен тәртіп;
- -заң шығару,
- - мемлекет пен құқық саласындағы басқа да қызмет түрлері.