10 метрге ұшып түскен: Автобус қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

3488
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Жангелдин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №208 қалалық автобус 1975 жылғы әйелді қағып кетті, деп "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Жүргізушінің айтуынша, әйел жаяу жүргіншілер жолына кенеттен шыққан.

Жүргізуші бірден тоқтауға үлгермей, соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, әйел өткелден 10 метрден астам жерге ұшып түскен. Алған жарақаттарынан әйел сол жерде қайтыс болды.

40 жылдық тәжірибесі бар жүргізуші зейнетке шығуына 9 ай ғана уақыт қалғанын айтты.

Жүргізушінің айтуынша, ол 40-50 км / сағ жылдамдықпен қозғалған. Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен сот-медициналық сарапшысы жұмыс істеді, оқиғаның мән-жайын анықтады.

Апат кезінде автобус ішінде 3-4 адам болған. Тежеу кезінде жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото: zakon.kz)

Пікірлер