Египет Газа секторын қалпына келтіруге 500 млн доллар беруге уәде етіп отыр

1282

Египет президенті Абдель Фаттах әс-Сиси аймақтағы әскери әрекеттер аяқталғаннан кейін Газа секторын қалпына келтіруге 500 миллион доллар бөлуге уәде берді. Бұл оқиға Израильдің Палестина анклавына қарсы қарқынды шабуылдарының екінші аптасында еврей мемлекетіне үздіксіз жасалған зымырандық шабуылдарға жауап ретінде болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы France-Pressе жазған болатын.

«Египет соңғы оқиғалар нәтижесінде Газа секторын қалпына келтіру үдерісіне 500 миллион доллар бөледі. Сонымен бірге қалпына келтіруді тәжірибелі мысырлық құрылыс компаниялары жүргізеді», - делінген ірі араб республикасы басшысының кеңсесінде.

Соңғы күндері Каир, Израиль мен Газада әрекет ететін палестиналық топтар арасында делдал болып, аймақта бітім орнатуды көздеді.

Египет басшысы қазір Парижде француз әріптесі Эммануэль Макронмен және Иордания королі Абдалла IIмен атысты тез тоқтату туралы келіссөздер жүргізуде.

Абдель Фаттах ас-Сиси бұдан бұрын зомбылық әрекеттерді тезірек тоқтату керек және Палестина халқының құқықтары мен тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға кепілдік беретін шешім шығару керек деді.

Ресей президенті Владимир Путин де сейсенбі күні израильдіктер мен палестиналықтарды екі жақтың көптеген құрбандары мен жарақаттарына, адам шығынына алып келген әскери әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, қарулы қақтығыс 10 мамырда Шығыс Иерусалимде арабтар мен Израиль полициясының қақтығысынан кейін басталған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар