Белгісіз дрондар Түркияға шабуыл жасады

4221
Adyrna.kz Telegram

Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу 18 мамырда кешке Диярбакыр провинциясындағы әскери базаға екі дронның шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, өткен аптаның сейсенбісінде жергілікті уақыт бойынша 12.30-да (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) екі дрон әуе базасына шабуылдады.

Түркияның ішкі істер министрі Twitter-де дрондар «бейтараптандырылды» деп мәлімдеді.

Оқиға туралы жіті ақпарат берместен: «Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ол.

Шабуылдағандар Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшылар партиясы деп есептелді, дегенмен бұл топтың Түркияның қауіпсіздік күштері мен армия бөлімшелеріне қарсы операциялары кезінде дрондарды қолданғаны бұрын-соңды байқалмаған.

EADaily хабарлағандай, ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мен Түркияның қаржы министрі Лутфи Элванның шешімімен 7 сәуірде ресми газетте жарияланғандай 377 жеке тұлғаның, мекемелер мен ұйымдардың қаржылық активтері бұғатталды. Елдегі активтері осы шешімге сәйкес шектеулерге ұшыраған адамдар қатарында ПКК жетекшілері Мұрат Қарайылан, Джемил Байик және Дуран Калкан бар.

"Адырна" ұлттық порталы

(иллюстративті фото: basnews.com)

Пікірлер