Қытайдың Wing Loоng - 10 атты заманауи дрондардың бірі. 17км биіктікке дейін көтеріле алады. 6 сағат әуеде қалқып ұшып, жаудың стратегиялық нүктелерін тауып, бомбалауға арналған дрон.
Реактивті мотормен жабдықталған. 620 км/сағ жылдамдықпен ұша алады. 450 кг жүкті (бомбалаушы ракеталарды) әуеге алып ұшады. 2016 жылдан бастап Қытай бұл қаруын түрлі әлемдік көрмелерде көрсетіп келеді.
Wing Loong-10 жетілдірілген дрон. Мұның 200 кг жүкті көтере алатын, 20 сағат үздіксіз ұшатын бір түрін Қазақстан сатып алған. Қазақстанмен қатар Египет, Сауд Арабиясы, БАӘ әскерінде бар.
Негізі мұндай қарулар өте қажет. Өзің өндіруге талпынған дұрыс. Егер бұзылса саймандарын сатып алу, жөндеу қиынға соғады. Үнемі өзге елге тәуелді боласың. Жасанды интеллект жазбаларын өзің шығармағаннан кейін қалаған уақытта қарсы тарап жұмысын тоқтатып тастай алады. Тіпті болмаса дрон алған мәліметтерді сізден бұрын өндіруші елге жібереді. Мұның бәрі әскери риск.
Қазір Түркия, АҚШ, ЕО елдері беспилотниктерді қойып 5-ші буын ұшақтарын өндіруге кірісті. Ол ұшақтар ұшқышсыз басқарылады. Жылдам ұшады. Дрондарда бар барлық техникалық ерекшеліктерді игерген XXI ғасырдың заманауи технологиясы.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ,
"Адырна" ұлттық порталы