Парамен ұсталған Шөкеевтың орынбасарына қатысты әкімдік түсініктеме берді

923

Бірқатар БАҚ-та Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы мәлімет тарап кетті. Әкімдік Facebook желісіндегі парақшасында қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Олардың айтуынша, Мейіржан Мырзалиев сырқатына байланысты ресми түрде демалыста екен.

«Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде денсаулығына байланысты уақытша демалысқа шыққан. Ол "гипертониялық криз" диагнозымен облыстық ауруханалардың бірінде ем алуда. Артық түсініктемелерден аулақ болуды сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі», - делінген баспасөз қызметінің Facebook-те жариялаған хабарламасында.

Сонымен қатар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

«Мырзалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады», - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы