Спортшылар: Ислам Әбішевке бостандық берілсін!

1677

Қазақстан спортшылары қазақ күресінің Дүние жүзінде қанат жайып дамуына үлкен үлес қосқан Әбішев Ислам Әлмаханұлын бостандыққа шығаруды сұрайды. Олар Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі Алқасына өтініш жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.  

«Түкеев Серік Адамұлын мерзімнен бұрын бостандыққа шығарғандарынызға шексіз ризамыз. Ислам Әлмаханұлы да 60 айлық жазасының (5 жыл) 40 айын өтепті, жасы 65 тен асты.

Қос арыстан бостандықта жас спортшыларға, бапкерлерге өздерінің ақыл кенестерін беріп отырған болар еді.

Өтінішімізді жерге қалдырмайсыздар деген ойдамыз», - делінген хабарламады.

Өтінішке қол қойғандар: бокстан 2013-2014 жылдараының қорытындысы бойынша дүние жүзінің екі мәрте ең үздік бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы - Мырзағали Айтжанов; бокстан әлем чемпиондары Ердос Жаңабергенов пен Бекзат Нұрдаулетовтың, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы - Марат Жақиев; бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев пен әлем чемпионатының жүлдегері Әбілхан Аманқұл мен Ғани Жайлауовтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы - Нұрлан Ақүрпеков; бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Азия чемпионатының жүлдегері Елдос Сайдалиннің бапкері ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы - Ғалымбек Кенжебаев; грек-рим күресінен әлем чемпионы Бақтияр Байсеитов пен ССРО халықтары спартакиядасының жеңімпазы Есенкелді Батырғариннің бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы - Таңат Сағындыков; бокстан Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері - Мұхтархан Ділдәбеков; еркін күрестен 1996 жылғы атланта Олимпиадасы мен әлем чемпионатының қола жүлдегері - Мәулен Мамыров; грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері - Нұрбақыт Теңізбаев; бокстан дүние жүзінің чемпионы - Біржан Жақыпов; бокстан дүние жүзінің чемпионы - Қайрат Ералиев; грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы - Құдайберген Ағымов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы