Вакцинадан қайтыс болды деген екі адамның өлім себебі анықталып жатыр

3734
Adyrna.kz Telegram

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағали «вакцинадан көз жұмған» делінген екі адам туралы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Екі адамның нақты неден қайтыс болғаны белгілі болған жоқ. Олардың өліміне вакцина әсер етті деп айтуға әлі ерте.

«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларды вакцинадан көз жұмды деп айтуға әлі ерте. Қорытынды осы жылдың маусым айында дайын болуы керек. Сол кезде себебін, айтатын боламыз», - деді Лаура Мырзағали онлайн брифингте.

Айта кетейік, сәуірде отандық сайттарда №4 перзентхана қызметкерінің вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Содан соң 42 жастағы алматылық Бақытжан Нұртазиннің өлімі жайлы да ақпарат шықты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер