Ақмолалық әйел қайын ағасын пышақтаған

1688

Ақмолада қайын ағасына пышақ жарақатын салған әйел ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«2021 жылғы 13 мамырда сағат 17:12-де Аршалы ауданының ПБ кезекші бөліміне фельдшерден Жібек Жолы ауылында пышақ жарақаты келтірілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. 46 жастағы ер адам Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына “тоқ ішектің пышақ жарақаты” диагнозымен жеткізілді. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зардап шеккен адамның мүгедек екенін, “ақыл-ой кемістігі” диагнозымен есепте тұрғанын анықтады»,—делінген хабарламада.

Мән-жайларды анықтау барысында зардап шеккен адамға ағасының 24 жастағы әйелі дене жарақатын салғаны белгілі болды. Әйел өз кінәсін мойындады, бәрі жанжал кезінде болғанын айтты.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы