Қазақстандық вакцинаны егу аралығын ұзарту қарастырылмаған – Смағұл

2238
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.

Қазақстандық вакцинаны егу арақашықтығы вакцина өндірушілердің нұсқаулығымен ғана енгізіледі. Бүгінгі таңда ондай сұрақ туындамады. Жаңа деректер пайда болғаннан кейін өзгерістер енгізіледі. Осыған дейін айтқандай, Гамалеи институтының ресми мәліметі бойынша «Спутник-V» вакцинасының екі компоненті арасындағы мерзім ұзартылды, - деді Манар Смағұл.

Ол атағандай, бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаның екі компоненті арасындағы мерзімді ұзарту қарастырылмаған.

Сондай-ақ Манар Смағұл эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес Қазақстан бір айдан астам уақыт «қызыл» аймақта болғанын атап өтті.

Тек соңғы аптада ел орташа тәуекел аймаққа, яғни «сары» аймаққа ауысты.Бүгінгі күні әлі де 6 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары, - деген еді ол.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер