Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға сот үкімі шықты

2912
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысының ювеналды сотында Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға қатысты үкім шықты. Олар екі қылмыстық бап - «жаппай тәртіпсіздік» және «билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық» бойынша кінәлі деп танылды деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.

Сотталушылар тағылған айыпты мойындап, прокурордың соттан сұраған жазасымен келісті. Тоғыз адам үш жылға бас бостандығынан айырылса, тағы 44 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза алды. Қалған екі адамн бір жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сотта 49 ер адам мен 6 әйелге қатысты іс қаралды. Сотталушылардың үшеуі жаппай тәртіпсіздік болған кезде 18 жасқа толмаған еді.

Еске салайық, Сәтбаев қаласындағы оқиға былтыр 23 шілде түнгі уақытта болған еді. Алдымен жоғалып кеткен 5 жасар қызды бүкіл қала болып іздеген. Кейін кішкентай қыз қаладағы пәтерлердің бірінен табылды. Оның жанында ересек ер адам болған. Күдіктінің үстінен «адам ұрлау» және «кішкентай баланы зорлау» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ал қала тұрғындары болса полицейлерден күдікті ер адамды беруді талап етіп, тәртіпсіздік жасады. Салдарынан үш автокөлік өртеніп, бірнешеуіне зақым келген.

2020 жылдың 6 қазанында Қарағанды қаласының тергеу изоляторында күдіктінің өлі денесі табылды. Ол өз-өзіне қол салған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер