Қостанай облысы жастарға арналған тұрғын үйді несиелендірудің арнайы бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде

2266
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Отбасы Банкі мен әкімдік жас отбасыларға жылдық 5% - бен несие беру үшін 20 жылға 10% бастапқы жарнамен қаражат бөледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар әкімдік сұранысқа ие мамандықтарға ақшалай түрде тұрғын үй сертификаттарын беретін болады. Ақшаны бастапқы жарна ретінде Отбасы банкінің шотына жібереді.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова бүгінде Министрліктермен және Отбасы банкімен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Басты міндет - сертификаттың шекті сомасын 3 млн теңгеге дейін және отбасының әрбір мүшесіне шекті табыс мөлшерін 2-ден 3 АЕК-ке дейін (68-ден 102 мың теңгеге дейін) ұлғайтуға қол жеткізу.

Ұсыныс ретінде аймақтық билікке осындай субсидия алуға үміткерлерді іріктеу критерийлерін түзету құқығын беру: осы ауданға немесе қалаға қажет санаттарды енгізу. Облыстық мәслихат депутаттары Мәжіліске сұраныс дайындайды.

Өңірде тұрғын үй кезегінде 6,5 мың адам тұр (14 - тен 29 жасқа дейін). Бұл кезекте тұрғандардың жалпы санының үштен бірі. Егер қалада тұрғын үй сатып алудағы басты проблема – ақша болса, ал енді бірі үшін  тұрғын үй жағдайы қанағаттандырмайды.

Қостанай облысында 2021 жылға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бюджеттен 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл сома Қонай кентінде 19 үйді, "Юбилейный" және "Аэропорт" шағын аудандарында төрт үйден тапсыруға мүмкіндік береді.

"Екі айда облыс бойынша 97 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% – ға артық", - деді облыстық мәслихат депутаттарына құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

Пікірлер