Қостанайда еріктілер 70-тен астам есірткі жарнамасын бояды

2444
Adyrna.kz Telegram
фото kstnews.kz сайтынан алынды
фото kstnews.kz сайтынан алынды

Бұл Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, алтыншы ауқымды акцияны өткізді.

Оған осы мәселеге бей-жай қарамайтын және салауатты өмір салтын насихаттайтын 15-тен астам жас қатысты.

- Қостанай политехникалық колледжінде бір топ жігіт белсенді жұмыс істейді және полицияға есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына көмектеседі. Біз осындай акцияларға қатысамыз. Менің ойымша, бұл мәселенің қоғам үшін маңыздылығын көрсетеді", - дейді студент Александр Елизаров.

Есірткімен айналысатындар оны сатудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Олардың арасында есірткі сатып алу әдісін жарнамалайтын жазулар бар.

- Жыл басынан бері полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 299-і-бабы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды және олардың аналогтарын насихаттау, заңсыз жарнамалау" бойынша екі фактіні анықтады. Ең жоғарғы жаза – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша екі айыпталушы тергеуде. Олар Қостанай қаласында есірткі жарнамасы үшін ұсталды. Жастар тұрғын үйлердің қабырғаларына жазулар жазған, - деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция майоры Айгүл Ераділова.

Акция аясында 70-тен астам жазба боялды. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер