Жұмабек бажасының кесірінен қызметінен айырылды ма?

797

Наурыз айында әлеуметтік желіде тараған «Жұмабектің бажасы» деген видеодан кейін қызу талқыға түскен Жұмабек Төлегеннің лауазымы төмендеген болатын. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Жұмабек Төлеген екі апта бұрын инспектор лауазымына төмендеді. Қазіргі уақытта Отырар аудандық полиция бөлімінде жұмыс істейді. Өзі бұрыннан отбасымен сонда тұрады. Инспектор болғанға дейін бір ай резервте тұрды», - деді Қаракөзова.

Айта кетейік, бұған дейін желілерде видео тараған. Онда қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқан. Алайда жүргізуші тәртіп сақшысының сөзін елемей, «Жұмабекке хабарлас» деп оқиға орнынан кетіп қалған көрінеді.

Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізушіні ұстаған. Ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүрген болатын.

Бұдан ейін Жұмабек дегеннің кім екені анықталған еді. Өңірлік полициядағылар Отырар аудандық ПБ-да шын мәнінде Жұмабек Төлеген деген полиция майоры жұмыс істейтінін мәлімдеген. Ол әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, оның қоластында екі қызметкер болған.

Ізінше «Жұмабек жұмыстан шықты» деген ақпарат тараған. Бірақ полициядағылар бұл ақпаратты жоққа шығарып, Жұмабек Төлеген бөлімше басшысы лауазымынан айырылғаны рас, бірақ ішкі істер органдарында қалатынын айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото inbusiness.kz сайтынан)

Пікірлер
Редакция таңдауы