Коронавирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтаннан ұшып кетуге тырысты

4613
Adyrna.kz Telegram

«Нұр-Сұлтан» әуежайының баспасөз қызметі Ashyq жобасының алғашқы күнінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Ashyq жобасының алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері «сары» деңгейіндегі төрт жолаушыны, «қызыл» статусты екі жолаушыны анықтады. Алгоритм бойынша «қызыл» статусы бар жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланған, содан кейін олар ауруханаға жатқызылды", дейді әуежай.

12 мамырдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы толығымен  басталды.

"Барлық жолаушыларға (ұшып бара жатқан) әуежайға келер алдында қосымшаны жүктеп алып, денсаулық статусын алдын-ала тексеру қажет екенін ескертеміз. «Сары» және «қызыл» деңгейіндегі  жолаушылар әуежай ғимаратына кіргізілмейді. Ұшаққа жіберілмеген жағдайда ақшаны қайтару туралы сұрақтар әуе компаниясына жіберілуі керек",  деді олар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер