Қазақстанның үш облысын қара түтін басып тұр

1301

Ресейдің Тюмень облысында шыққан өрттен Қазақстанның үш аймағы - Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары түтінге оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Қара түтін Павлодар облысының аумағында Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Баянауыл, Ақтоғай, Железинка аудандарында, сондай-ақ екі шекаралас облыстарда (СҚО және Ақмола) байқалады. (...) Түтіннің пайда болуына Ресей Федерациясының Тюмень облысында 48 мың гектар алқапты жалмаған орман өрті себеп болды", деп жазды Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Pavon.kz хабарлағандай, қала тұрғындары түтінге оранған аймақты әлеуметтік желілерде жариялап,  112 нөміріне хабарласып баяндаған. Кешке 20-ға жуық қоңырау түсті.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі, аймақтағы орманды дала алқаптарында өрттің тіркелмегенін, өндірістік нысандардағы төтенше жағдайлардың жоқтығын мәлімдеді. Ал Қазгидрометтің хабарлауынша, жел солтүстік-батыстан соғып тұр.

Ресей Федерациясының Тюмень облысында өрт бірнеше аптадан бері жалғасып келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар