Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елдегі интернет мәселесін шешуге уәде берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы ол Парламент мәжілісінің жалпы отырысында айтты.
Министр келтірген статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда 1 200 ауылды мекеннің ғаламтор желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ.
«2022 жылдың соңына дейін Қазақстандағы 500 ауылға сапалы интернет беруді жоспарлап отырмыз»,- деді ол.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Б. Мусинге келесі жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетуді талап етті.
«Осы жұмыстардан бір нәтиже шығарыңызшы. Елден, халықтан ұят емес пе? Бұрынғы министрлер белгіленген мерзімді 5 рет жылжытқан. Сізден 2022 жылы нәтиже күтеміз. Қолдауға дайынбыз»,-деді Мәжіліс төрағасы.
«Адырна» ұлттық порталы