Соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынды

3482
Adyrna.kz Telegram

Соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынғанын білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы шектеу шараларын ескеріп, 25 мамырда өтетін соңғы қоңырауға бірнеше формат ұсынылды. Біріншісі, дәстүрлі түрде таза ауада 9-11-сынып оқушылары мен 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде білім берген мектептерге арналған соңғы қоңырау. Бұдан бөлек екі нұсқа бар. Оның бірі соңғы қоңырауды сынып ішінде, екіншісі онлайн өткізу. Қажет деп саналса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады», – деді Шолпан Каринова.

Сонымен қатар вице-министр соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынғаны туралы да айтты.

«Соңғы қоңырау өткізудің негізгі мақсаты – барлық мектеп оқушылары үшін белгілі бір сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа өту және жазғы демалыстың басталуы. 9-11 сыныптар үшін соңғы қоңырау мектеп бітіру іс-шарасы болып саналады. Барлық санитарлық талаптың қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі назарға алуға тиіс. Әр оқушымен, әр мектеп бітірушімен келетін ата-ананың саны бірден аспауы керек. Соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынды», – деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер