Қытай халқы қарқынды түрде өсуде

4437
Adyrna.kz Telegram

2020 жылы Қытай халқы бір жылдағыдан 0,83% өсіп, 1,41178 млрд адамға жетті. 2010 жылмен салыстырғанда елдегі халық саны 72 миллионға өсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасына сілтеме жасап.

ҚХР тарихындағы жетінші халық санағы 2020 жылдың 1 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін өтті.

Санақ бойынша Қытайда шамамен 723,34 миллион ер адам және 688,44 миллион әйел бар.

Халықтың шамамен 63,35% -ы 15-тен 59 жасқа дейінгі адамдар, шамамен 18,7% -ы 60-тан жоғары, тағы 17,95% -ы 14 жасқа дейінгі адамдар.

Қытайдағы қала тұрғындарының үлесі 63,89% құрады. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 14,21% артық. Ел тұрғындарының көп бөлігі - 91,11% - хань (қытайлар) өкілдеріне тиесілі. Ұлттық азшылықтардың үлесі 8,89% құрайды.

Санақ деректері бойынша халықтың орташа жылдық өсу қарқыны 0,53% құрады. Бұл көрсеткіш 2000-2010 жылдармен салыстырғанда 0,04% төмендеді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер