Оралда тағы бір балалар аттракционы істен шықты

1671

9 мамыр күні кешке Орал қаласының қалалық демалыс саябағында балалар ойнап жүрген батуттың желі шығып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы МойГород-қа сілтеме жасап.

Видео авторының айтуынша, батут бір сәтте өзіне тән дыбыс шығарып, батуттың қаттылық деңгейі төмендей бастаған.

"Батут кішкентай емес, биік және көлемді. Онда әр түрлі жастағы 20-ға жуық бала болған. Ата-аналар балаларды құтқару үшін бірден аттракционға жүгірді. Көптеген балалар қорқып, жылап жіберді. Кіре берістегі қыз бұл оның батуты екенін айтты, бірақ ол тіпті кешірім де сұрамады. Ол жай ғана электр қуаты өшірілгенін айтты", дейді қала тұрғыны Самал.

Оның айтуынша, балалар ауыр жарақат алған жоқ, бірақ олар қатты қорқыпты. Ол сондай-ақ аттракционның иесі алдымен ақшаны қайтарғысы келмегенін, кейін ғана қайтарғанын айтты.

"Әңгіме ақша туралы емес, оқиғаның өзі туралы. Егер балалардың бірі ауыр жарақат алса немесе Құдай сақтасын, қайтыс болып кетсе ше? Сонда нағыз қасірет болар еді. Неліктен бұл аттракциондар тексерілмейді? Неліктен қосалқы генераторлар жоқ? Неліктен саябаққа батуттар қойылған? Бұл демалыс орны, олар әр қадам сайын өте алмайтындай аттракциондарды қойып тастаған. Балаға оның қауіпті екенін қалай түсіндіруге болады? Жақында карусельге қатысты іс те болды", дейді әйел.

Бұл арада қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Сәкенов болған жайттан хабарсыз екенін, бірақ тексеріс жүргізетінін айтты.

"Кеше мереке болды, мен кешке дейін жұмыста болдым, бірақ маған бұл жағдай туралы айтылмады. Электр қуаты кеше шынымен сөніп қалды, соған байланысты шығар. Бүгін біз қызметтік тергеу жүргіземіз",  деп атап өтті Жасұлан Сәкенов.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото ашық дереккөзден)

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар