Аяусыз ұрып-соққан: Алматы көшелерінің бірінде жанжал орын алды

4420
Adyrna.kz Telegram

4 мамырда түстен кейін, Алматы қаласында, Әбіш Кекілбайұлы көшесінде Infiniti жүргізушісі жолдағы жанжалға байланысты ер адамды аяусыз ұрып соқты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиғаның видеосы жәбірленушінің ағасының түсініктемесімен бірге қаланың Telegram арналарының бірінде жарияланды.

Оның айтуынша, Infiniti иесі Toyota Mark II автокөлігіне жол бермей қарсы жолаққа шығып кетуге тырысқан.

"Белгісіз себептермен ол менің ағама соқтығып, оны ес-түссіз күйде ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Менің ағам ауруханада 6 күн жатыр. Әлі ешкім кешірім сұраған жоқ", деп шағымданады автор.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіні қазіргі уақытта Бостандық ауданының полиция бөлімі аумақтық бойынша тексеріп жатқанын хабарлады.

"Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы, 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Арызданушыға алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", делінген хабарламада.

Басқа жағдайлар анықталып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер