Қазақстандықтар Гөзал Айнитдинова мен Жібек Құламбаева жұптық сында Мысыр мен Тунисте ITF турнирлерінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Г.Айнитдинова беларусьтық Анна Кубаревамен бірге Тунистегі жарыста үздік шықты. Қазақстандық-беларусьтық жұп жартылай финалда ресейлік Дарья Лодикова – бельгиялық Элисса Ван Лангендонкты 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ал финалда осы доданың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Сара Бет Грэй – америкалық Даша Иванованы 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Бұл – Г.Айнитдинованың ITF турнирлеріндегі алтыншы табысы. Соның екеуінде жекелей, төртеуінде жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Ж.Құламбаева румыниялық Оана Гавриламен бірге Мысыр астанасы Каирде жартылай финалда ресейліктер Элина Аванесян – Екатерина Вишневскаяны жолдан тайдырды – 7:6, 6:4. Соңғы бәсекеде мысырлық Ясмин Эззат – америкалық Клерви Нгоноуниге еш амал қалдырмады – 6:4, 6:0. Бұл – Ж. Құламбаеваның ITF додаларындағы тоғызыншы титулы.
Соның сегізінде жұптық сында жеңіске жетсе, биыл үшінші рет үздік шығып отыр. Сонымен қатар «Қазақмыс» теннис клубының түлегі Іңкәр Дүйсебай Тирана (Албания) қаласында өткен Tennis Europe National Sport Park Open U16 турнирінің финалына дейін жетті. Финалдық сайыста Іңкәр украиналық Анастасия Фирманға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді.
«Адырна» ұлттық порталы