Кей аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал

3233
Adyrna.kz Telegram

Қазгидромет мамандары ауа райының өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

10 мамырда Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде де найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қаласында күндіз найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ертең Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қаласында түнде найзағай ойнауы мүмкін.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтанның кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман күтіледі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер