Бүгін — Асанәлі Әшімовтың туған күні

3827

8 мамыр кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор, КСРО Халық артисі, Қазақстанның еңбек ері, аңыз тұлға - Асанәлі Әшімовтың туған күні. Актер 84 жасқа келді.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов - 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған. Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді:

"Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым".

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен. және т.б көптеген бейнелерді сомдады.

Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Трансібір экспресі)”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған.

Марапаттары:

1970 жылы "Қазақфильм"киностудиясы түсірген "Атаманның ақыры" толық метражды екі бөлімнен құралған көркем фильмінде Асанәлі Әшімов басты рөлді сомдады. Бұл детектив жанрында түсірілген екі сериялы тұңғыш қазақ фильмі. Фильмдегі рөлі үшін 1972 жылы Әшімов Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығын алды.

Фильмді қойған – кинорежиссер Шәкен Айманов. Операторы – Асхат Ашрапов, композиторы – Еркеғали Рахмадиев.

1974 жылы "Қан мен тер" спектакліндегі рөлі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді, 1976 жылы Қазақ КСР Халық әртісі атағы, 1980 жылы КСРО Халық әртісі атағы берілді.

2000 жылы тәуелсіз "Тарлан" сыйлығы, 2001 жылы мемлекеттік "Отан" орденімен марапатталды.

2007 жылы 70 жылдық мерейтойы қарсаңында "Парасат", "Құрмет" орденімен марапатталды.

2017 жылы Елбасы жарлығымен "Қазақстанның Еңбек ері" алтын жұлдызды құрметті атағы берілді.

Аңыз тұлғаның «Майраның әні», «Жан бөлек», «Алаштың Асанәлісі», «Менің жанрым – күнделік», «Ғұмыр-дария» сынды кітаптар жазған.

"Адырна" ұлттық порталы

©wikipedia.org

 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар