Қазақстан – жалақысы ең төмен елдердің бірі

5104
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмыскерлердің нақты ақшалай табысы номиналды көрсеткіштерден, яғни белгілі бір кезеңге анықталған саннан орташа есеппен 8%-ға аз. Бұл - отандық еңбек нарығының дамуына кедергі келтіретін басты себептердің бірі. Жалақысы ең төмен салалар: білім беру, ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, өнер және ойын-сауық саласында. Бірақ болжамдарға сәйкес, 4 жылдан кейін халықтың ақшалай табысы 27%-ға ұлғаюы тиіс.

Ұлттық банк: Цифрлық теңге криптовалютаның баламасы емес

Қазақстанның Ұлттық банкі цифрлық теңге әзірлеу жобасын криптовалютамен және электрондық ақшамен шатастырмауды сұрайды. Ұқсас технологиялық тәсілдерге қарамастан, ұлттық валютаның жаңа нысанын төлем жүйелерінің осы класына жатқызу қате.

Ұлттық валютаның жаңа түрін құрудың басты идеясы неде?

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

«Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны немесе қолма-қол емес төлемдерді алмастырмайты. Ол тек қосымша төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Ұлттық банк цифрлық теңгені тарату жүйесін әлі талқылап жатыр. Егер Қаржы реттеуші жобаны іске асырса, онда цифрлық теңге ақшаның бір түрі ретінде болады. Тіпті қалаған уақытта он қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Ал криптовалютаны алу мүмкін емес. Сонымен қатар биткоин және электрондық ақша шығарумен жеке ұйымдар айналыса алады. Ал цифрлық теңгені айналымға енгізу құқығына тек қаржы реттеушісі ие. Ұлттық валютаның жаңа түрі кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін де қолжетімді болады. Мамандардың айтуынша, цифрлық теңге арқылы кез келген төлемдер мен есептеулерді интернетке қосылмай жүргізіледі. Сондай-ақ егер бір биткоиннің құны күн сайын өзгерсе, цифрлық теңге бағамы алдын ала белгіленеді. Айта кету керек, криптовалютаны біздің елде ақша ретінде пайдалануға болмайды. Цифрлық теңгеге келетін болсақ, бұл жүйе үшін Қазақстан Ұлттық банкі жауапты болады».

АҚШ-та әзілдеп шығарылған криптовалюта табыс әкелді

АҚШ-та блогер жігіт әзілдеп өзінің криптовалютасын шығарған. Бірақ адамдар оның әзіл екенін түсінбей, жаңа криптовалютаны жаппай сатып ала бастапты. 22 жастағы америкалық блогер Андре Льюистың қалжыңдап шығарған криптовалютасы жайлы Tik-Tok қолданушылары бірден қағып алады. Кейін оны жаппай сатып ала бастайды. Осының нәтижесінде бір сағаттың ішінде оның нарықтық құны 70 миллион долларға жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша сәуір айында азық-түлік тауарларының бағасы 1%-ға өсті. Айтарлықтай қымбаттаған өнімдердің тізіміне көкөністер кірді. Бір айда қызылша 17%, картоп 12% және сәбіз бағасы 10% өсті. Кезекте «Нарықтағы баға» айдары . Бүгін өңірлердегі Қызылшаның құнын шолып өтеміз.

Қостанайда бір келі қызылша 250 теңге. Шымкентте аталмыш туар құны 260 теңге тұрады. Ақтөбеде қышылшаның келісі 265 теңгеден сатылып жатыр. Ал Ақтауда көкөністің бұл түрі 310 теңгеден сатылады. Алматыда қызылшаның құны қымбаттырақ.455 теңге. Нұр-Сұлтанда бір келі қызылша 505 теңге.

Қостанай ₸ 250 Шымкент ₸ 260

Ақтөбе ₸ 265 Ақтауда ₸ 310

Алматы қ. 455 ₸ Нұр-Сұлтан ₸ 505.

Сөз соңында валюта бағамына тоқталайық. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 426 теңге 85 тиын, еуро 512 теңге 35 тиын, рубль 5 теңге 71 тиын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер