Қызылордалық Камилла Серікбай АҚШ-қа "Әлем аруы" байқауының финалына барады

3133
Adyrna.kz Telegram

Қызылордалық Камилла Серікбай 5 мамырда АҚШ-қа «Әлем Аруы» байқауының финалына дайындалуға барады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол бірнеше ай бойы финалға тыңғылықты дайындалды. Ең жарқын сәттер өз елі туралы таныстырылым видео түсірілген алаңда болды. «Әлем Аруында» алғаш қола дәуірінің 2 мыңнан аса петроглифі бар Таңбалы шатқалы, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра объектісі ұсынылатын болады.

«Менің Қазақстаным - шөл мен көлдерден бастап, мұз басқан жетімыңдықтарға дейінгі ерекше әрі қайталанбас табиғат. Бұл - таулары Алмарасан шатқалдарындағыдай мөлдір таза суы бар жүздеген өзен. Бұл ежелгі дәстүр құпиясы – бүркітпен аң аулау, жабайы жыртқыштың адамға толығымен сеніп, оған олжасын беруі.

Бірақ менің халқымды сипаттайтын басты сөз - ол «қонайжайлық». Қазақтардың өзі көшпенді халық ретінде саяхаттап жүрген адамға ас ұсынудың маңызды екенін түсінеді. Сондықтан елім туралы таныстырылым видео кадрларында қазақтың дәстүрлі берекелі дастарханы да көрсетіледі», - деп жазды Камилла Әлем Аруы таныстырылымына.

 

Камилла Серікбай Сүлейман Демирель атындағы университеттің құқықтану факультетінің бірінші курс студенті.

«Мен таңдауым осы мамандыққа түскеніне өте қуаныштымын, себебі болашақта құқық қорғаушы болып, құқық бойынша көмек қажет адамдарға қол ұшын созғым келеді», - дейді ол.

Ол 2019 жылы «Қызылорда Аруы» конкурсында жеңіске жетіп, «Қазақстан Аруы» байқауының финалында өз қаласының намысын қорғады. Бірнеше тілді жетік меңгерген, оның ішінде, түрік және ағылшын тілдері бар.  13 жасынан каратэмен айналысады, спорт шеберлігіне үміткер, қоңыр белбеу иесі.

«Мен осы байқауда Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігі берілгеніне өте қуаныштымын. Мен жеңіске қол жеткізу үшін бар күшімді саламын. Барша қазақстандыққа қолдау білдіргені үшін және «Әлем Аруы» байқауының ресми қосымшасында дауыс бергені үшін алғыс айтамын», - деді Камилла.

Финал кезінде Камилла «Кункей» сән үйінің Сабина Наурзалина ұсынған ұлттық киімін ұсынады. Одан бөлек, кешкі көрсетілім кезінде ол Sherri Hill голливудтық брендінің көйлегімен шығады.

Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалған «Әлем Аруы» байқауы биыл «тірі» форматта 16 мамырда Флорида штатының Холливуд қаласында өтеді.

Конкурс ұйымдастырушылары финалда қауіпсіздік шарасын сақтауға арналған шараларды бірнеше ай бойы жүргізді. COVID-19 тарауын болдырмау үшін дүние жүзінен келген қатысушылар міндетті түрде карантинге жатқызылып, бірнеше рет, оның ішінде, шоу басталар алдында тест тапсырады, маска тағу және әлеуметтік қашықтық режимі сақталады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер