Бүгін - Жақсылық Үшкемпіровтың туған күні

1977

Бүгін «Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ерi, «Барыс», «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiровтың туған күні, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тірі болса 70 жасқа толар еді. Естеріңізде болса, 2020 жылдың 2 тамызында қара қазақ қабырғасы қайысып, жақсы адамынан айырылып қалған еді.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысына қарасты Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, Семей қаласындағы мал дәрігерлік институтына түсіп, зоотехникалық мамандықты таңдаған.

Жақсылық Үшкемпіров 1974 жылы институтты тәмамдап, қазақ жеріне еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен Алматыға ат басын бұрады.

Кішкентайынан қазақша күреспен айналысқан ол жоғары оқу орнында білім алып жүріп, күрестің классикалық және еркін түрлерімен шұғылдана бастаған.

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар