"Қатаң жазаланады" — Цой вакцинация паспортын сатқандар туралы

3059
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинацияның төлқұжаттарын заңсыз сатқандар қатаң жазаланады деп сендірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

"Вакцинацияның жалған төлқұжаттарына келетін болсақ, мұндай жағдай болған. Осындай ақпарат алған бойда мен өзім Алматы қаласының әкімдігіне хабарластым. Таңертең біз бұл істі бақылауға алдық, қауіпсіздік күштерімен жұмыс жасадық. Оларзаңсыз іспен айналысқандарды ұстайды", деп ескертті Алексей Цой.

Оның айтуынша, осындай жағдайлар және әлеуметтік желілер бақыланатын болады.

Егер сізде осындай жағдайлар туралы мәліметтер болса, біз қабылдауға дайынбыз. Жауап өте қатал болады, деп сендірді министр.
Ол барлық медициналық қызметкерлерге қылмыстық жауаптылық туралы ескерту жасалғанын қосты.

"Кез-келген азамат, дәрігерлер де және жақын маңдағы кез-келген адам бұл заңның өзгермейтіндігін түсінуі керек. Бұл анық дәлелденген, өйткені ақпараттық жүйенің әр дозасы көрінеді. Ал егер бұл орын алса, қылмыстық жазалар пайда болады. Мұнда біз жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз", деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бұған дейін Алматыда вакцинация паспорттарын азаматтарға сату қызметін екі жылдан бері декреттік демалыста болған медбике ұсынғаны хабарланған болатын.

Әрбір вакцинациялау құжаты үшін ол 15 мың теңге алғандығы атап өтілді. Бүгінгі күні полиция қылмыстық іс қозғады, қалалық медициналық ұйымдардың барлық ақпараттық жүйелері тексеріліп жатыр, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өзінде қызметтік тергеу басталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер