Шенеуніктің ұлы жетім баланы қағып кетті – куәгер

3036
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан тұрғыны Сара Берсан Facebook желісіндегі парақшасында 21 жастағы ер азаматтың кәмелетке толмаған баланы қағып кеткенін жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Достар, жұма күні мен 1999 жылы туған жас жігіттің жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткеніне куәгер болдым. Бақытымызға орай, жақын жерде жүрген қыз екеуміз жол полициясы мен жедел жәрдем шақырып, қылмыскердің есін жиюға тырыстық»,-деп жазды ол.

Куәгердің айтуынша, жасөспірімді шенеуніктің ұлы қағып кеткен.

«Кәмелетке толмаған жәбірленушіден "Кімге қоңырау шала аламын?" деп сұрағанымда, ол әжесін ренжітпеуімді өтінді. Бұл диалогтан мен баланың жетім екенін түсіндім. Мұндай жаңалық үлкен кісінің жағдайын нашарлатуы мүмкін еді.. Ал 14 мамырда небәрі 22 жасқа толған жас жігіт өзін өте дөрекі ұстады. «Неліктен көліктен шықпадыңыз, кешірім сұрамадыңыз, көмек ұсынбадыңыз, жедел жәрдем шақырмадыңыз?» деген сұрақтар қойылды. Ол өзін кінәлі сезінбейтінін және зардап шегушінің жағдайының жақсы екенін алға тартты. Осы оқиғадан кейін өзіме «Неліктен ата-ана жол қозғалысы ережесін білмейтін баланы қымбат көлікті рөлге отырғызды? Неліктен ол өзін адам ретінде емес, әлемнің иесі ретінде ұстады?» деген сұрақтарды қойдым. Жауабын гуглдан таптым. Әкесі Нұрғалиев Дамир Бақытұлы Мемлекеттік кірістер комитетіндегі Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы екен»,– деді ол.

Полиция департаменті зардап шеккен баланың 17 жаста екенін хабарлады. Қазіргі таңда ол ем қабылдап жатыр. Аталған факт бойынша тергеу жұмыстары басталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер