Вакцина салғандарға көптеген жеңілдіктер қарастырылады - ЦОЙ

3129
Adyrna.kz Telegram

Цой вакцина салдырған жандарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бас санитардың қаулысы бойынша, вакцина салғандарға көптеген шектеулер алынып тасталады екен.

"Вакцина салдырғандар қатарының өсуіне байланысты, Қазақстанның бас санитары шығарған қаулыға сәйкес, вакцинаның екі компонентін де алған азаматтар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды. Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алғандар Қазақстан азаматтары және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты барлар әуе қатынасы арқылы ПТР тестінсіз Қазақстан аумағына кіре алады, медициналық-әлеуметтік нысандарға бара алады, облыстық командаларды дайындау үшін оқыту-жаттықтыру жұмыстарын жаңғырта алады", - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ министрдің мәліметінше, вакцина салғандардан ПТР-тестте талап етілмейді

"Вахтаға келген қызметкерлерден, медициналық-әлеуметтік мекемеде рәсімдеу және емделуге жатқызу кезінде науқастардан, мерзімді әскери қызметке шақырылғандардан және мерзімді әскери қызметтен кейін демобилизацияланғандардан, ҚАЖ мекемелеріне түскендерден, топтасқан ұжымдарға баратын адамдардан, ауруға байланысты жұмыс орнында болмаған немесе демалыс, іссапардан келген медицина қызметкерлерінен, тәжірибе алдында медициналық ЖОО мен медицина колледжі студенттерінен ПТР тестілеу нәтижелері талап етілмейді", - деп мәлімдеді министр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер