"130 ұлт тату-тәтті тұруда": Қазақстанда шындығында қанша этнос бар?

5353
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. 1996 жылдан бастап, 1 мамыр Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы мереке, өзара түсіністік пен сыйластық күні  - Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі.

Әлемнің көптеген елдері 1 мамырда Еңбек күнін атап өтеді. Бұрын ол Халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастық күні деп аталды. Мереке 19 ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Американдық жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, ереуілге шықты. Нәтижесінде демонстранттар мен полицейлер арасында қақтығыс басталып, ол қантөгіске ұласты. 1889 жылы шілдеде Екінші Интернационалдың Париж конгресі осы оқиғаларды еске алу үшін 1 мамырда жұмысшылардың демонстрациясын өткізуге шешім қабылдады. 1890 жылы бұл күн Халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастық күні ретінде аталып өтті.

1995 жылы 18 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1996 жылдан бастап, 1 мамырда, Қазақстан халқының бірлігі күні бүкіл елде тойланып келеді. Қазақстандағы Еңбек күні 2013 жылдың қарашасында Республика Президентінің Жарлығымен белгіленген қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап жаңа марапат - «Еңбек ардагері» медалі белгіленді.

Тарихтан белгілі болғандай, этникалық топтардың көп бөлігі КСРО кезеңінде жаппай мәжбүрлі қоныс аударуға байланысты көбейді. Содан кейін қазақтар өздерін туған жерінен жырақтап қалған адамдарға қолдарынан келгенше көмектесті. Қазақстан әлі күнге дейін осында өмір сүруге және жұмыс істеуге келген түрлі этностардың өкілдерін қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 1991 жылы республика халқы 16 358 мың адамнан асқан. 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстанның этникалық құрылымында 16,222 мың халықтың жалпы санынан сандық жағынан қазақтар 40%, орыстар 37,6%, немістер 5,8%, украиндар 5,4%, татарлар 2% -ды құрады. Төменде келтірілген мәліметтерге сәйкес, біз басқа ұлттарға қарағанда қазақтардың басымдығының жыл сайынғы өсімнен байқаймыз, мысалы, 1989 жылы қазақтар 40%  немесе 6,488 мың адам болса, 2019 жылдың басында ол 12,505 мыңды немесе ел тұрғындарының жалпы санының 67,98% құрайды.

Сондай-ақ, өзбектердің өсуі байқалады: елде 1989 жылы 330 мың адам тұрды, 2019 жылдың басында 590 мың адам болды; Ұйғырлар сәйкесінше 181 және 270 мың адам; Түріктер -  49 және 112 мың адам; Әзербайжандықтар  88 және 110 мың адам; Дүнгендер сәйкесінше 29 және 72 мың адам.

Сол мәліметтер бойынша біз 1989 жылы орыстар санының едәуір төмендегенін байқаймыз. Сол жылдары орыстардан  6,092 мың адам тұрды, 2019 жылдың басында 3,553 мың адам, украиндар 878 мың адам және 270 мың адам, сәйкесінше немістер 946 мың адам және 178 мың адам.

Қазақстанда тұратын барлық этностар мен ұлыс өкілдерінің жалпы санында қазақтардың саны бәрінен
де көп, 2009 жылғы халық санағының деректері бойынша олар 10 096 763 адамды немесе ел халқының
жалпы санының 63,1%-ын құрады.
Санақаралық кезеңнің ішінде қазақтардың саны 2 085 311 адамға немесе 26,0%-ға артты. 1999 жылғы
санақтың деректері бойынша қазақтардың саны ел халқының жалпы санында 8 011 452 адамды немесе
53,5%-ды құраған еді.
Он жылдың ішінде қазақтардың саны табиғи өсімнің, сондай-ақ республика аумағына келген
оралмандардың есебінен өсті.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлаужәне реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 1999 жылғы санақ мәліметінше:

Қазақтар  - 8011452,

Орыстар - 4480675,

Өзбектер - 370765,

Украиндар - 547065,

Ұйғырлар - 210377,

Татарлар - 249052,

Немістер - 353462,

Корейлер - 99944,

Түріктер - 78711,

Әзірбайжандар - 78325,

Белорустар - 111924,

Дүнгендер - 36945,

Күрдтер - 32764,

Тәжіктер - 25673,

Поляктар - 47302,

Шешендер  - 31802,

Қырғыздар - 10925,

Басқа этностар - 204118 адамды құрайды. Ал 2009 жылғы санақ бойынша:
Қазақтар - 10096763, Орыстар - 3793764, Өзбектер - 456997, Украиндар - 333031, Ұйғырлар - 224713, Татарлар - 204229, Немістер - 178409, Корейлер - 100385, Түріктер - 97015, Әзірбайжандар - 85292, Белорустар - 66476, Дүнгендер - 51944, Күрдтер - 38325, Тәжіктер - 36277, Поляктар - 34057, Шешендер  - 31431, Қырғыздар - 23274, Басқа этностар - 157215 адамды құрайды

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер