БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Біз ғасырлар бойы неге ұтылдық: Атпен ту ұстап шабу көмектеспейді

5473
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада беспилотник “Akinci” тест сынағынан өтті. Ресейдің “Панцирь” әуе қорғаныс жүйесін талқандады. Салмағы 5,5 тонна болатын, 1300кг бомбалаушы ракеталарды алып ұшатын бұл беспилотник Қарабақта қолданылған “Bayraktar TB2” беспилотнигінен техникалық мүмкіндігі әлдеқайда жетілдірілген қарудың заманауи түрі. “Панцирьді” бомбалауда Түркияның басқа бір компаниясы “Roketsan” жасап шығарған ракеталар қолданылған.

Айта кету керек Қарабақ соғысында “Bayraktar TB2” беспилотниктері соғыстың алғашқы 24 күнінде Арменияның 114 танкісін жойып жіберген. Қарабақ соғысында Арменияның жалпы саны 44 бронды транспорты, 141 артиллерия қаруы, 249 әркери көліктері мен 44 әскери қоймалары “Bayraktar TB2” тарапынан жойылған.

44 күнгі соғыста жалпы саны 9 “Bayraktar TB2” беспилотнигі атып түсірілген. Айырмашылық көрініп тұр.

XXI ғасырда соғыс тактикасы өзгеріп жатыр. Халықаралық саясатта Түркия сынды жаңа аймақтық дежавалар пайда болуда. Ойын шарттары өзгеруде. Мұның бәрі көп елдерді әскери доктриналарын қайта қарауға, заманауи қарулармен жарақтануға итермелеуде. Қазір Түркиямен беспилотниктер сатып алуға Украина, Сауд-Арабиясы сынды алыс-жақын елдер келісімге келуде.

Бізге де ойлану керек шығар. Әлемнің тоғызыншы территориясын қорғайтын заманауи қарудың бір бөлігін өзіміз де шығаруымыз қажет қой. Көпвекторлы саясат та бүгін жарағанымен ертең шарттар өзгеруі мүмкін. “Қазаққа тисең өзіңе де оңай болмайды” деген деңгейге келмей болмайды. Бір жағдай болса атпен ту ұстап шапқанымыз көмектеспейді ғой енді. Атпен жерді қорғаймыз деп XVIII ғасырда бабаларымыз да зеңбірекке қарсы шапты. Жеңілді. Қазір темболее жылқымен шабу көмектеспейтін ғасырдамыз. Тарихтан қорытынды шығару қажет. Неге бодан болдық, не үшін ұтылдық деген дұрыс, реали сұрақтар қойылуы тиіс. “Біз мықтымыз” деген жалған ұран мен анау да мынау романтикалық әңгімелерді қою керек бізге. Бала қоғамның әңгімесін айтып осы уақытқа дейін бала болғанымыз да жетер енді.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ

Пікірлер