Жүргізушісі жоқ такси қызметі іске қосылды

4607
Adyrna.kz Telegram

Қытайда 2 мамырдан бастап жүргізушісі жоқ такси жұмысын бастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа қызмет түрін Baidu компаниясы іске қосты.

Бұрын робот-таксилерде төтенше жағдай туындаған кезде яки механизмдер дұрыс жұмыс істемеген жағдайда тізгінді ұстау үшін жүргізуші болуы қажет еді. Бірақ Baidu арнайы сынақтан өтіп, толығымен автономды таксилерді іске қосуға дайын екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, автомобиль жұмысы қашықтан бақыланады. Жолаушылар орындығына алдымен компания қызметкері отыруы керек. Оның міндетіне көліктің жұмысын бақылау кіреді.

Такси қызметін қолданушыларға смартфон арқылы жеке басын растау міндеттелген. Робот-көліктер салондағы барлық адам белдікті таққаннан кейін ғана қозғалады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер