Шымкенттік студент - республикалық жоба жеңімпазы

2764
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік студент Дастан Өмірзақ – «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық жобасының жеңімпазы.

Білім және ғылым министрлігі 2020 жылдың қорытындысы бойынша колледж шәкірттерінің арасында республикалық жобаны ұйымдастырған болатын. Жобаның мақсаты – әр өңірдің үздік студенттерін анықтау.

Аталмыш жобаға қатысу үшін шәкірттер 3 іріктеу кезеңінен өткен. Бірінші колледж ішілік болса, кейіннен аймақтық деңгейде де сыналды. Ал республикалық кезеңге жеткендер онлай дауыс беру арқылы анықталған.

Дастан қазіргі таңда М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша 4 курста білім алуда. Кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіріп жүрген болашақ маман. Плитка жапсыру, сылақ жұмыстарын іс-тәжірибеде өте сапалы, ұқыпты орындайды.

Қалалық WorldSkills чемпионатында «Плитка қаптау» құзыреттілігі бойынша жеңімпаз атанған. Колледжішілік дебат, еріктілер клубының белсенді мүшесі. Жауапты, алғыр болашақ маман студенттерді іс-тәжірибеден өткізетін әлеуметтік серіктестер тарапынан да жоғары бағаға ие болды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер