Шымкентте биыл 26 мыңға жуық адам ауыз сумен қамтылады

3378
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 9 тұрғын алаптың ауыз су құбыры жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстарға 15,6 млрд. теңге көлемінде мемлекеттен қаржы қаралып отыр. Осының есебінен 26 мыңға жуық адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі деп жоспарлануда.

Жыл басынан бері Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2 және Жаңатұрлан, Батыс пен Жаңаталап шағын аудандардың ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 4,48 шақырымды құрайтын Көмешбұлақ, 9,37 шақырым және 10,61 шақырым болатын 3 магистралды суаққының құрылысы жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер