Бәйдібек Би - Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрық салу жұмыстары пысықталды

3138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/ca10c961-7c15-474b-81cf-06da6e99d61c.jpeg
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар жол нысандарының құрылыс барысын аралап көрді. Шаһар басшысы алдымен Бәйдібек би даңғылы мен Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысында салынатын жолайрығының жобасымен танысты. Бәйдібек би – Арғынбеков көшелерінің қиылысында көлік жолайрығын салу құрылысының 1-ші кезеңіне жауапты мердігер мекеме – «Казахдорстрой» ЖШС. Құрылыс аумағының ұзындығы Бәйдібек би даңғылы бойынша - 700, Арғынбеков көшесі бойынша – 921 м. Құрылыс 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған. Жалпы құны –11,4 млрд теңге. 2021 жылға қаралғаны – 200 млн теңге. Жалпы 61 жер телімін қайтару қажеттігі туындауда. Негізгі жолды жабуға дейін биыл мамыр-қыркүйек айлары аралығында ағаштарды тамырымен жұлу, 3-4 съездердегі байланыс желілерін қайта жайластыру, Арғынбеков көшесіндегі 3-ші съездегі тіреу қабырғасын салу жұмыстарын жүргізу жоспарда. Сонымен қатар, қазан-желтоқсан айлары аралығында Арғынбеков көшесінің бойындағы 3-ші съездің тіреу қабырғасын салу, туннель бойынша жер жұмыстарын жүргізу көзделуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 
Комментарии