Жыл басынан бері 834 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсады

3347
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың үш айында 834 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсады. Олардың көпшілігі ер адамдар. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есебінде мәлімделді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жалпы алғанда, 2021 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 834 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсады.

Дүние жүзінде ер адамдар суицидке жиі барады. Қазақстан да бұл ережеден тыс емес. Өздерін өлтіргендердің 659-ы ер адамдар. Бұл ерлердің көпшілігі 35 пен 44 жас аралығында болған (141). Өз-өзіне қол жұмсаған әйелдердің көпшілігі 45 пен 54 жас аралығында болған (31 жағдай).

Олар қандай жағдайда өз-өзіне қол жұмсады?

  • сау кезінде - 625;
  • мас күйінде - 178;
  • басқа психикалық ауытқу кезінде - 30,
  • токсикоманикалық интоксикация кезінде - 2.

Суицидке әкелетін факторлар

  • жалғыздық - 29;
  • күрделі қаржылық жағдай (банкроттық, қарыздар) - 29;
  • қолайсыз өмір сүру шарттары - 5;
  • туыстарымен жанжалды қатынастар - 5;
  • жұбайымен жанжалды қатынастар - 3;
  • отбасылық қатынастардың үзілуі (ажырасу) - 7;
  • ауыр соматикалық аурулар - 15;
  • жақын адамның жоғалуы, қайтыс болуы - 3;
  • әлеуметтік мәртебесін (беделін) жоғалту - 1;
  • жазадан, ұяттан қорқу (қылмыстық жауапкершілік) - 1;
  • тіркелмеген- 253;
  • басқалары - 511.
    Өз-өзіне қол жұмсау әдістері
  • асылып қалу - 639;
  • қару қолдана отырып - 5;
  • тесетін және кесетін заттарды қолдана отырып - 52;
  • көлікті қолдана отырып - 1;
  • биіктіктен құлау - 35;
  • өзін-өзі өртеу - 1;
  • суға бату - 3;
  • улану - 48(оның ішінде тамақтан улану - 20, дәрі - 18, көміртегі тотығы - 3, пестицидтер 5)
  • басқалары - 50.
    Өз-өзіне қол жұмсау орны
  • көшеде - 57;
  • тұрғын үйде - 465;
  • жұмыс орнында - 16;
  • медициналық мекемеде - 6;
  • қызмет көрсету орны бойынша - 1;
  • жертөледе - 9;
  • басқалары - 280.

2021 жылдың бастапқы үш айында ғана елде 1083 суицидтік әрекет тіркелді. Оның 711-і ер адамдар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер