Сәуірде халықтың 20%-ы екпе алуы тиіс - Үкімет

850
Neal Browning receives a shot in the first-stage safety study clinical trial of a potential vaccine for COVID-19, the disease caused by the new coronavirus, Monday, March 16, 2020, at the Kaiser Permanente Washington Health Research Institute in Seattle. Browning is the second patient to receive the shot in the study. (AP Photo/Ted S. Warren)

Сәуір айының қорытындысы бойынша вакциналауға жататын халықтың 20%-ы коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс. Бұл ақпарат туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.

«Коронавирус бойынша әлемдегі жағдай әлі де мәз емес. Бүгінгі таңда әлемде 148 млн КВИ жағдай тіркелген. Тәулігіне 600 мың науқас тіркеліп жатыр. 3 млн адам көз жұмды. Әлемдік рейтингке сәйкес, 221 елдің ішінде Қазақстан індеттің таралуы бойынша 108 орында тұр, қайтыс болғандар бойынша 107 орында. Елде 27 сәуірдегі жағдай бойынша 311 400 жағдай КВИ бойынша, КВИ – 52 471 жағдай анықталды», - деді министр.

Цойдың айтуына қарағанда, еліміздегі 10 өңір жоғары эпидемиологиялық қауіпті деңгейде тұр.

«Жасыл аймақта Түркістан мен СҚО тұр. Күн сайын індетті жұқтыру деңгейі наурыздағы 46 пайыздан өткен аптада 8 пайызға дейін төмендеді. Жағдайдың тұрақтанып келе жатқаны байқалады. 27 сәуірдегі жағдай бойынша республикадағы инфекциялық орындардың қамтылуы 41 пайызды, жансақтау бөлімі 28 пайызды құрап отыр. Жатын орынның қосымша резерві 62 мыңды құрады. Бүгінде бос резервтік орын 28 мың орынды құрап отыр», - деді ол.

Денсаулық сақтау министрі бүгінде адамдарды вакцинациялау екі вакцина бойынша жүргізіліп жатқандығын айтты.

«Вакцинаны жеткізу жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Ол сәуірде халықтың 20 пайызын қамтиды. Жұмыс жалғасып жатыр. Вакцинациялау елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырады», - деді министр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы