Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды

3651
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік Forbes «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік» жылдық рейтингінің тізімін ұсынды. Қазақстандық ди-джей ТМД-да бірінші болып Грэмми сыйлығын жеңіп алған Imanbek (Иманбек Зейкенов) бұл тізім қатарына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол Слава Марлоу, Клава Кока, Хаски, ЛОВАНДА, Крем Сода, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Dora сияқты танымал әншілермен бірге ұсынылды. Осы сілтеме бойынша өтіп, қазақстандыққа дауыс бере аласыз.

Forbes рейтингіне 30 жасқа дейін кәсіби қоғамдастықта танымал болып, бүкілресейлік немесе тіпті әлемдік деңгейде танымал болғандар кіреді. 20 жастағы диджей Иманбек Зейкенов беделді Грэмми байқауына ұсынылған алғашқы қазақстандық болды. Ол SAINt JHN-ның  «Roses» әніне ремикс жазған еді. Бұндай жетістікке жетер алдында Иманбек Ақсуда теміржолшы болып жұмыс істеген. Ол музыкалық білімге өзі қызыққан.

100 үміткерлерден тұратын Forbes рейтингінің лонг-листін редакторлар сарапшылардың көмегімен жасайды: кәсіпкерлер, менеджерлер, инвесторлар, кеңесшілер. Нәтижесінде жыл сайын бірнеше ондаған адам ұзақ тізімге енеді. Ұзын тізімнен қазылар алқасы, редакция ұжымы және оқырмандар әр номинация бойынша үздік 30, әр категорияға лайықты үш лауреатты таңдайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер