Мыңдаған адам алаңда: Ресей халқы Путинге қарсы көтерілді

16332
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ресейде екі ірі оқиға болды. Біріншісі Путиннің жыл сайынғы халыққа жолдауы болса, екіншісі Алексей Навальныйдың жақтастары билікке қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырып жатыр. Путиннің жолдауы аяқталса, Навальный жақтастарының митингісі ел астанасы Мәскеу мен мәдени астана Петербург қаласына енді жетті. 

Наразылық акциясы елдің Қиыр Шығысында басталып, мыңдаған адамның қатысуымен аяқталды. Акцияға қатысушылар "Путин ұры", "Біз шаршадық", "Путин кісі өлтіруші", "Навальныйға бостандық" деп ұрандатқан. Олар түрлі лозунгтер жазылған плакаттарды ұстап, тіпті Путинді келеке еткен суреттер салынған тақтайшаларды көтеріп жүрген. Қазірдің өзінде Ресей бойынша наразылық акциясында ұсталғандар саны 350 адамнан асты.

Қиыр Шығыс пен орталық Ресейдегі наразылық акциялары аяқталса, ел астанасы Мәскеу мен Петербург қалаларында митинг енді басталды. Ұйымдастырушылар бұл жолы рекорд орнайтынына сенімді. Екі қалада қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында деген желеумен билік әскер кіргізіп, күштік құрылым санын арттырған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер